Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында қаладағы театрлардың жұмысына рұқсат берілгені айтылған.
Қаулыға сәйкес, театрларда отыру орындарының толуы 50%-дан аспауы тиіс. «Мәдени нысандарда әлеуметтік арақашықтық сақталуы міндетті. Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режим, желдету және ауаны баптау жүйелері үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. Оған қоса, ауаны сәулелендіру ұсынылады», - делінген Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус инфекциясын алдын-алу жөніндегі жаңа қаулысында.Құжат 6 қазанда сағат 00:00-де күшіне енеді. Еске салайық, сондай-ақ Алматыда дәмханалардың, көлік жуу орындарының, көлікке техникалық қызмет көрсету станцияларының, жалпы адаммен байланыссыз жұмыс істейтін нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды.