6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, талаптар күшейтіледі.
Жаңа қаулыға сәйкес, өзге мемлекеттердің азаматтары біздің шекарадан өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР-тест нәтижесін ұсынуы тиіс. Анықтама болмаған жағдайда кіре алмайды.Халықаралық рейстермен келген қазақстандықтарда осындай анықтама болмаған жағдайда олар зертханалық тексеру үшін екі тәулікке карантиндік стационарға оқшауланады.