Polisia.kz жазуынша, күдіктіні Түркістан облысының полицейлері ұстап алған екен.
Созақ АПБ-не жергілікті тұрғынның бірі арызданып келген. Айтуынша, оның банктік карточкасынан белгісіз адам 40 мың теңгеге жуық ақшасын аударып алған. Осының анық-қанығын анықтап, қылмыскерді ұстап беруін өтінген екен.Аталған жайт бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл әрекеттің нәтижесінде полицейлер жәбірленушінің банктік карточкасынан ақша жымқырған өзінің келіні екенін анықтады.
Тергеу барысында келіні қайын атасының ақшасын, ұялы телефондағы банктік қосымша арқылы аударып алғаны белгілі болды. Қазір полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Бас шарасы міндеттемемен босатылды.