Мәскеулік екі қыз қандастарына қазақ тілін үйретпекші
Мәскеулік екі қыз қандастарына қазақ тілін үйретпекші
Мәскеулік екі қыз қазақ тілін үйрететін жобаны бастады. Олар жобада туған қаласы мен тұрғылықты халықтың жай-күйін қазақша айтып бермекші. Бұл екі қыз осыдан бірнеше жыл бұрын қазақша ән айтқан бейнежазбасы әлеуметтік желінің бірінде пайда болып, халық арасында кеңінен тарап кеткен еді. Міне, сол кезден бастап әлгі екі қыз осы жобаны қолға алған.
«Біз бұл жобаны қазақ тілінде өзіміздің де, өзгелердің де көңілін көтеретін, жақсы іс болсын деп қолға алдық. Үйреніп жатқан тілімізді ұмытып қалмайық деген оймен бастадық. Шынында өзімізге тән әрі ел көңілінен шыққан жоба болды. Қате көп жіберсем де қазақ тілін үйреніп жатырмын.  Өйткені әрбір шет тілді үйренуге қорықпау керек», - «Москва қазақша» жобасының авторы Анастасия Решетникова.  
Тіл университетін бітірген бойжеткендер қазір PR саласында жұмыс істегенімен, бос уақытын сол жобаға арнауда. Олар бейнеблогты түрлі форматта жүргізе бастады. Пандемия жарияланып, ұзақ уақыт оқшаулау кезінде «карантиндік қазақ тілі» айдарын ашты. Мәскеудегі қазақтардан сұхбат алып, жұртқа ұсынды.