Newtimes.kz. мәлімдеуінше, оқыс оқиға 19 қыркүйек күні «Шығыс» кентінің саяжайында болған.
Төрт жасар бала ауладағы балалармен ойнап, жүгіріп жүрген. Сол мезетте бір үйір жылқының келе жатқанын байқаған ересек балалар жан-жаққа қаша жөнелген. Олардың дауысынан үріккен аттар да шаба жөнелген. Соның арасында Саша Вагнер деген бала аттың астында қалып қойған. Салдарынан баланың бауыры езіліп, қабырғасы сынып, ішіне қан кеткен.
«Біз әлі күнге дейін ауруханадамыз. Балама үш рет ота жасалды, жағдайы өте ауыр. Баламның амандығын тілеп отырмын» дейді Сашаның анасы Светлана Шац.
Оның жан сақтау бөлімінде жатқанына төрт күн болған. Жағдайы әлі де ауыр екен.
Қазір ол баласының қасында отыр. Ал күйеуі үйде, 6 жастағы қызға қарап отыр. Екеуі де жұмыссыз, олардың ендігі уайымы - баланың еміне ақшаны қайдан табатынын білмей отыр. Бүгінге дейін үйір жылқының иесі әлі анықталмады."Міне, содан бері бір апта уақыт өткенімен, жылқының иесін көрмедік. Ал баламның аяққа тұруына қыруар қаржы керек. Бізде дәрі-дәрмекке де ақша жоқ. Тіпті, не істерімізді білмейміз", - деген ана тәртіп сақшыларының жылқы иесін табуға ниетті емес екенін айтты.