Балаларын ұрып-соққан ер азамат қамауға алынды
Балаларын ұрып-соққан ер азамат қамауға алынды

Кеше яғни, 4-қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазба анықталған еді.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі (азаптау) бойынша тіркелді.
Департаменттің хабарлауынша, сол күні күдіктінің әйелі жұбайының балаларын ұрып-соққаны туралы полицияғы арызданған. Тәртіп сақшылары тез арада жергілікті тұрғынды ұстады. Ерлі-зайыптылар 2011 жылдан бері некеде екен. Екеуінің ортақ үш баласы бар. Бұған дейін әйел 2018 жылы полицияға күйеуі ұрып-соғатыны туралы ауызша айтқан, бірақ өтініш беруден бас тартқан.
[embed]https://www.instagram.com/p/CF6j2ehjZ1S/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed] «Қазір аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Ер адам қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда», – делінген хабарламада. 2019 жылдың сәуірінде ол тағы да полицияға дене жарақатын салу дерегі бойынша жүгінген. Алайда, әкімшілік өндіріс әйел күйеуін кешіргендіктен медиация арқылы тоқтатылды. Содан кейін жұбайы қайтадан жауапкершіліктен құтылыпты.