«15 қазанда Нұр-Сұлтан карантинге жабылады»: комитет түсініктеме берді
«15 қазанда Нұр-Сұлтан карантинге жабылады»: комитет түсініктеме берді
141
оқылды
ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Whatsapp мессенджерінде тараған кезекті жалған ақпарат жайлы мәлімдеді. Соңғы кезде WhatsApp қолданушылары арасында кеңінен тараған аудиожазбада "Нұр-Сұлтан қаласы 15 қазаннан бастап карантинге жабылатыны және қала маңына блок-бекеттер қойылатыны" айтылады.
"Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды, бүгінде 15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласын жабу және қала периметрі бойынша блок-бекеттер қою мәселесі қарастырылып жатқан жоқ",– деді ТКҚСҚБК өкілі Ержан Байтанов. 
Сонымен қатар, мекеме азаматтарды әлеуметтік желідегі жалған ақпаратқа ермеуге, тек ресми дерекөздерге сенуге шақырды. Ведомствоаралық комиссия көрінеу жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274- бабы бойынша жауапқа тартылатынын еске салады.