Қолмен жазу жазған сайын есте сақтау қабілеті жақсыра түседі
Қолмен жазу жазған сайын есте сақтау қабілеті жақсыра түседі
246
оқылды
Норвегиядағы жаратылыстану және техникалық ғылымдар университетінің мамандары зерттеу барысында балалар мен ересектердің қолмен жазу жазған кезде ақпаратты жақсы есте сақтайтынын анықтады.
Ол туралы New Atlas жазды. Мұны дәлелдеу үшін оқу орнының профессоры Одри ван дер Меер және оның әріптестері екі зерттеу жүргізді. Біріншісі – 2017 жылы өтті, оған 20 студент қатысты. Екіншісі биыл өтті, оған 12 ересек және 12 бала қатысты.
«Қаламды қағазға жүгірткенде, әріптер жазғанда адам көбірек әсер алады. Ол әсер мидың әртүрлі бөліктері арасында байланыс орнатады және білім алуға деген қабілетті ашады», - деп түсіндірді зерттеушілер.
Осыған ұқсас әрекет сурет салу кезінде де болады. «Компьютердің пернетақтасымен жазу жазсаңыз, барлық әріпті теру үшін бірдей қозғалыс жасайсыз. Қолмен жазу кішкентай моториканы және сезімді бақылауды қажет етеді», - деді. Дегенмен зерттеушілер білім беруде цифрлық құрылғылардан бас тартуға шақырмайтынын атап өтті.