Жеті айға созылған тыйымнан кейін жергілікті билік кіші қажылық рәсімдерін орындауға қайта рұқсат беріп отыр.
Билік өкілдерінің айтуынша, Ұмра маусымы кезең-кезеңімен ашылады. Әзірге оны тек жергілікті халық пен эмигранттар атқара алады екен. Ал 1 қарашадан бастап, кіші қажылық рәсімін орындауға шетелдіктерге де рұқсат берілмек.Айта кетейік, індет кесірінен тек мыңға жуық мұсылман қажылық жасады.