Бүгіннен бастап Қазақстаннан Түркияға әуе рейстері қысқартылды

Бүгіннен бастап Қазақстаннан Түркияға әуе рейстері қысқартылды

Шет мемлекеттерде эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті.  Бүгін, 5 қазаннан бастап Түркияға әуесапарлар саны қысқартылады. Сондай-ақ өзге елдерге де жаңа рейстер қосылмайды. Коронавирустың таралуы бойынша екінші санаттағы елдерден келетін жолушылардың қолында тест қортындысы болуы тиіс.

Анықтаманың жарамдылығы небәрі 3 күн. Егер мерзімі өтіп кеткен болса, жолаушы 2 күнге оқшауланады. Стационарда қажетті сынама тапсырады. Оң нәтиже көрсеткен жағдайда инфекциялық ауруханаға жатқызылады.
Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдер мен Өзбекстаннан көлікпен келетін жолаушыларға да осындай талап қойлады. Олар шекарадағы бақылау-өткізу пункттерінде тексеріледі.