Қазақстанда шерифтер пайда болуы мүмкін

Қазақстанда шерифтер пайда болуы мүмкін

Қазақстанда шерифтер пайда болуы мүмкін. Бұл туралы ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков онлайн брифингте айтты.

«АҚШ, Ұлыбритания мен Канада секілді елдерде шерифтер қалай жұмыс істейтінін көріп жұрміз. Қазақстанның құқық қорғау жүйесіне осы моделді енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз», - деді ол.
Сонымен қатар министрлік қылмыс көп тіркелген елдімекендерге талдау жүргізіп, патрульдік полиция қызметкерлерінің бағдарына өзгеріс енгізуді жоспарлауда.