Төбеттер полиция қызметінде пайдаланыла бастады
Төбеттер полиция қызметінде пайдаланыла бастады
5,103
оқылды
Төбеттер алғаш рет полиция қызметінде пайдаланыла бастады. Бұл туралы онлайн-брифингте ІІМ басшысының кеңесшісі Нұрділдә Ораз айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында төбеттер алғаш рет полиция қызметінде пайдаланыла бастады. Күшіктер Алматыдан әкелінген. Бүгінде олар жаттықтырылып жатыр”, – деді Нұрділдә Ораз.
Иттер есірткі табу және адамдарды иістері арқылы анықтауға үйретіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 38 ит қызмет етеді. Олардың басым көпшілігі – неміс және бельгия овчаркалары. Кинологтардың айтуынша, төбеттер жақсы үйретіледі және басқа иттерден кем түспейді. https://www.youtube.com/watch?v=IyHV8hQpN88&feature=emb_logo