Ер адам TikTok жұлдызын тікелей эфирде бензин құйып, өртеп жіберді
Ер адам TikTok жұлдызын тікелей эфирде бензин құйып, өртеп жіберді

TikTok-тың қытайлық нұсқасының жұлдызы, 30 жастағы блогер Lamu бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты. Блогер тікелей эфир өткізіп жатқанда қылмыскер оған бензин құйып, жағып жіберді, – деп хабарлады Beijing Youth Daily

14 қыркүйекте әйел тікелей эфирге шығып жазылушыларымен сөйлесіп жатқанда қайғылы оқиға болған. Кенет қара экран пайда болып, оның шыңғырған дауысы естілген. 30 жастағы Lamu-ға 782 мың адам жазылған. Екі күн өткен соң Ламудың әпкесі оның фанаттарына не болғаны айтып берген. Айтуынша, сол күні блогердің бұрынғы күйеуі оның үйіне балғамен кіріп, оған бензин құйып, өртеп жіберген. Қайғылы оқиға Ламудың туыстарының көз алдында болған. Олар бірден оған көмек көрсеткен. Ламуды ауруханаға 90% күйікпен жеткізген. Дәрігерлер екі апта бойы оның өмірі үшін күрескенмен, әйелді аман алып қала алмады. Құқық қорғаушылар қылмыскерді ұстады. Кейбір БАҚ мәліметінше, ер адам ажырасқысы келмеген. Әйелдің екі бала тапқаны, бірнеше ай бұрын көрген соққыға шыдамай, ажырасуға өтініш бергені белгілі болды. Күйеуі оны қорқытып, аңдып жүрген.