Дәурен Абаев Елжан Біртановқа қастық ойлағандар жайлы айтты
Дәурен Абаев Елжан Біртановқа қастық ойлағандар жайлы айтты
112
оқылды

«Ашық диалог» бағдарламасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты отставкаға жіберу туралы тараған видеоүндеуге қатысты пікірін айтты.

— Денсаулық сақтау саласына қатысты соңғы қайғылы жағдай – әртүрлі, бір-бірімен байланысы жоқ оқиғалар (Атыраудағы сәби өлімі, Алматыдағы дәрігерлердің тұтқындалуы, болашақ дәрігерлердің видеоүндеуі, жедел жәрдем көлігінде сәбидің шетінеуі). Әр жағдай бойынша жеке жұмыс жүргізу керек. Менің ойымша, осы ретте менің әріптесім Елжан Біртанов қастық ойлағандар үшін қолайлы нысанаға айналған секілді. Ештеңе бітірмеген адамды ғана ешкім сынамайды. Ал Денсаулық сақтау министрлігі соңғы жылдары қыруар жұмыс жүргізді. Салада жүйелі өзгерістер болып жатыр. Мұндай жағдайда ашықтық пен сапаны бақылау ісіне пайда таппайтын көңілі толмайтындар қашан да табылады, — деді Дәурен Абаев.

Бағдарламада медицина саласының мәселенің тамыры тереңде жатқанын, оның ішінде кадр тапшылығы жайын тілге тиек етті.