Қуандық Испергенов Рудный әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қалалық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, өз өкімімен Рудный қаласының жаңа әкімі Қуандық Испергеновті тағайындады және жергілікті активке ұсынды.
Бұрын Бейімбет Майлин атындағы аудан әкімі қызметін атқарған.