Ғалымдар адам өмірін 17 жылға ұзартатын жемісті атады
Ғалымдар адам өмірін 17 жылға ұзартатын жемісті атады
145
оқылды
Британдық ғалымдар алманы үнемі жесе, адам өмірін 17 жылға ұзартады деген қорытындыға келді,- деп жазады шетелдік БАҚ.  Зерттеушілер алмадағы эпикатехин полифенол иммунитетті нығайтып, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартатынын анықтады. Сондай-ақ алманың құрамында қан қысымы мен қандағы холестерин деңгейін төмендететін талшық бар. Сонымен қатар ғалымдар алманы көп жейтіндер  онкологиялық ауруларға сирек шалдығатынын айтады. Ғалымдардың көп жылғы зерттеуі алманы үнемі жесе,  адам өмірін 17 жылға дейін ұзартатынын дәлелдеді. Алайда осындай нәтижеге жету үшін алма шырынын ішіп, салауатты өмір салтын ұстану керек екен.