Жер дауы: 13 кодекс пен 29 заңға өзгеріс енсе, шекараға жақын жерлер шетелдіктерге берілмейді
Жер дауы: 13 кодекс пен 29 заңға өзгеріс енсе, шекараға жақын жерлер шетелдіктерге берілмейді
159
оқылды

Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарады. Заң жобасы шеңберінде 13 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге тура келеді.

«Заң жобасында мемлекеттік шекара маңында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктердің қатысуы бар қазақстандық заңды тұлғаларға беруге тыйым салу көзделген» делінген сенаттың аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің қорытынды жиынында.

Сонымен қатар заң жобасындағы негізгі түзетулері жер ресурстары саласындағы мынадай норма енгізбек:

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру жағдайларын шектеу;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуына бақылау жасау тетігін жетілдіру;

Ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру талаптарын нақтылау.

Ерекше айтып өте жайт,  жануарлар мен өсімдіктер әлемі саласындағы браконьерлік мәселелері бойынша әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларына қатаң талаптар енді.

Заң жобасындағы өзгерістер жер дауына нүкте қоюға, ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтқанын жазған болатынбыз.