Нобель сыйлығы – С гепатитін ашқандарға
Нобель сыйлығы – С гепатитін ашқандарға
143
оқылды
«2020 жылы физиология мен меди­цинадан Нобель сыйлығы вирусологтер – Харви Алтер, Майкл Хоутон және Чарльз Райсқа та­ғайындалды. Нобель комитетінің хабарлауынша, олар С гепатитімен күресте шешуші рөл атқарған. Яғни, 1989 жылы ғалымдар вирустың РНҚ-сы арқылы оның А және В гепатитіне жатпайтын, бірақ соған ұқсас ауруды тудыратынын анық­таған. Бұл жаңа­лық инфек­цияны анықтайтын тест жүйесі мен дәрі жасауға мүмкіндік берді, соның арқа­сында миллиондаған адамның өмірін аман алып қалдық» делінген сыйлықты тағайындау туралы мә­лімдемеде. Еске салайық, биыл Нобель сый­лығы иегерлерінің есімі 5-12 қазан аралығында жарияланады. Салтанатты марапаттау рәсімі Сток­гольм мэрия­сынан тікелей тара­тылады. Оған түрлі елдер қосылады. Бұған дейін іс-шара Стокгольм филармониясында өтетін. Сыйлық жеңімпаздарға елшілік пен уни­верситет өкілдері арқылы табыс­талады.  

Ерсайын БАҒДАТ