Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет ПРАЙМЕРИЗ

«Праймериз нәтижесі – үлкен азық, зерттейтін дүние» – саясаттанушы Айдос Сарым

Дүниені дүдәмал күйге тү­сірген дүрбелең шақта «Nur Otan» партиясы праймериз ұйым­дастырып, қатарын тү­гендеп алды. Сайысқа 10 076 кандидат қатысты. Ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында – бір орынға 15 адамнан таласты. Алматы мен Шымкентте 7 адамнан. Канди­даттардың орта жасы – 43-те. Аузы дуалы сарап­шы­лардың пікірінше, партия­ішілік ірік­теу Қазақ­станның саяси өміріне жан бітірді. Ірге­лі зерт­теу нысаны ретінде бо­ла­шаққа да пайдасын тигі­зе­тіні анық.

«Айқын» ақпарат
Қазан 6, 2020
ПРАЙМЕРИЗ, Жаңалықтар, Қазақстан
A.SARIM
51
қаралым

Бұл – бірнеше өлшемі бар дүние. Біріншіден, «партияішілік» деген сөзге өте қатты назар аудару керек. Осындай идея айтылған кезде анда-мұнда, әлеуметтік желі­де «бұл мүмкін емес», «әділ өтпейді», «көпшілік қатыспайды» дегендей сыңаржақ пікірлер болды. Енді нәтижесін қарайық. 11 мыңдай адам қатысты. Оның басым бөлігі – бұрын-соңды саяси өмірге ара­лас­паған азаматтар. Әр жерде әрқалай, әрине. Өзіміз біркелкі емеспіз. Бір-біріне ұқсайтын өңірлер жоқ. Бір облыстың ішінде бір-біріне ұқсайтын ауданымыз жоқ. Бір жерде консервативті орта, бір жерде еті тірі орта. Бір Алматының өзінде, мысалы бір ауданда бір орынға 12 адам таласса, кейбір ауданда бір орынға 6-8 адам үміткер болды. Екінші мәселе бар. Баяғыда мәслихатқа, партияға, тағы басқасына адамды қалай жинайтын? Ең алдымен, әкім немесе тиісті басшы қо­ғам­да аты шығып жүрген азаматты шақы­рып алып: «Сізге осындай ұсыныс бар. Қа­лай қарайсыз? Әзірге мына жерді бас­қар­саң, болашақта сені ана жаққа жіберсек де­ген ойымыз бар» деп тізімге кіргізіп, оған партияның аппаратын негіздеп, «осыған көмектесіңдер, штабын құрыңдар, қара­жатын шығарыңдар» деп жүктеп қоятын. Ал праймериздің жүйе ретіндегі кереметі, партияға үлкен мүмкіндік берді. «Азаматтар алдымен бақ таластырып, бір-бірін сынақ­тан өткізіп алсын. Қай жеңгені тізімге ене­ді» деген қағида болды. Партия аста-төк ақша жұмсаған жоқ. Тек ережесін бекітіп, қадаға­лауды ұйымдастырды. Праймеризде канди­дат­­тардың шама-шарқын байқадық. Кейбір үміткерлер өзіне ғана сеніп, өзі жүгіріп, өз бетімен жұмыс істеді. Бұған ұлт­тық дәреже­дегі үлкен сайлау ретінде қатыс­қан азамат­тарды да көрдік. Клип тү­сіріп, штаб жалдап, оған адам алып, фильм дайын­дап біраз әуреленді. Үгіт-насихат мате­риалдарының өзіне дейін әртүрлі бол­ды. Кейбірі үш бет қағазын принтерден ба­сып таратса, біреулер үлкен полиграфияда жасалған түрлі-түсті, сапалы дүниелерін ұсынды. «Праймериз әділетсіз өтеді, негізгі мақсатын орында­майды» деген әңгімелер айтылды. Бірден ескертейік, партия «мы­нанша пайыз жаңа­ра­мыз, мы­нанша адам аламыз» деп ешкімге уәде берген емес. Қа­тысқан азаматтар да оны әртүрлі түсініп, әртүрлі қабылдаған сияқты. Партия бол­ғандықтан, партияның ұйым­дары бол­ғандықтан, пандемия кезі болған­дықтан, үгіт-наси­хаттың шектелуі сынды кедергілер кездесті. Дегенмен пар­тия – үлкен орта. Праймериз Қазақстанның саяси өміріне орнықты десек, келешекте ескеретін жайт көп. «Қай кандидат жеңіске жетті? Несімен ұтты? Неге басымдық жасады?» деген мәсе­лені арнайы зерттеуіміз керек. Прай­мериз біраз нәрсенің бетін ашты. Әсіресе, өңір­лерде отырған тым ескішіл, ішкі-сыртқы өзгерістерге қабілетсіз ма­мандарға сабақ болды. Праймериз партия ішіндегі ұйым­дас­­тырушылық жұмыстардың бір жолға қойылғанын дәлелдеді. Қиын-қыстау ке­зең­­де қатарын түгендеп, кеті­ретінін кеті­ріп, келтіретінін келтіріп, өз-өзін жаңартып алды.

Праймериз партияның өз мүддесінен туындады. Сондықтан оның әділ өткеніне сенуіміз керек. Қоғамда өзгеріске, жаңа тұлғаларға деген сұраныс бар. Праймериз нәтижесі – үлкен азық, ой салатын, зерттейтін дүние.

Қайталап айтайын, бұл жалпыұлттық сайлау емес, бұл жалпыұлттық дода емес. Бұл – партияішілік шара. «Жағдайымызды көрейік, мүмкіндігімізді анықтайық, қата­рымыздағы белсенділердің санын шама­лайық» деген науқан. Қатысқандардың бәрі депутат болмайды. Біреу штабқа кіруі мүмкін, біреу резервке кіруі мүмкін, біреу қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін. Бұл партия үшін бір жағынан сынақ болса, екінші жағынан үлкен жұмыс болды. Осы­ны да ескерген дұрыс.

Miras аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Депутаттық корпус 76,9 пайызға жаңарды

Әйелдер мен жастардың үлесі 40 пайызға өсті

 

 

 
Тегтер: Nur OtanАйдос Сарымкандидатпартияішілік іріктеупраймериз
Алдыңғы жаңалық

Бұл маған жауапкершілік жүктейді

Келесі жаңалық

Еліміздің барлық аймағында толассыз жауын-шашын

Ұқсас жаңалықтар

Қытай
Жаһан

Қытайда бес күн ішінде жаңа аурухана тұрғызылды

Қаңтар 19, 2021
Атырау
Жаңалықтар

Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады

Қаңтар 18, 2021
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзғандарға 240 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Қаңтар 18, 2021
облыс
Жаңалықтар

Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қаңтар 18, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайда бес күн ішінде жаңа аурухана тұрғызылды

Қаңтар 19, 00:21

Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады

Қаңтар 18, 23:54

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзғандарға 240 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Қаңтар 18, 23:24

Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қаңтар 18, 22:44

Нәрестені өлтіру қылмысына қатысы бар дәрігерлерге сот үкімі шықты

Қаңтар 18, 22:09

Өскемен қаласының логотипі өзгерді

Қаңтар 18, 21:44

ШҚО-да 25 миллион теңге жымқырған алаяқ ұсталды

Қаңтар 18, 21:17
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қытай

Қытайда бес күн ішінде жаңа аурухана тұрғызылды

Қаңтар 19, 2021
Атырау

Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады

Қаңтар 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»