Нағыз тартысқа толы дода болды
Нағыз тартысқа толы дода болды
Биыл елімізде тұңғыш рет ұйым­дас­тырылған партияішілік іріктеу – прай­меризге қатысуға шешім қабыл­дадым. Ондағы басты мақсатым – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақ­сарту, халықтың әл-ауқатын көте­ретін мемлекеттік бағ­дар­ламаларды жүзеге асыруға белсенді араласу, елі­міздегі өзекті мәселелерді шешуге ат­салысу болды. Сондықтан осы додада өз ба­ғымды сынап көруді жөн са­надым. Күні кеше ғана праймеризге дауыс беру аяқталды. 1,5 ай тынымсыз ең­бектеніп, іс-шараның жақсы өтуіне ат­салысып, соның арқасында жаңа та­ныстар таптым, үлкен тәжіри­бе жи­нақ­тадым. Ойлаған мақсат-жос­парымның бәрі аталған саяси доданың бары­сында іске асты. Мен үшін, шын мәнінде нағыз тартысқа толы дода болды. Осы орайда, маған сеніп, дауыс берген барша жанға алғыс айтқым келеді. Шыны керек, осыншама көп дауыс жинаймын деп ойламадым. Онлайн дауыс берудің нәтижесі бойынша 426 дауыс жинап, 100 адамның ішінде рейтингте 26-орын­ға тұрақ­тадым. Праймериз ережесінде партиялық тізімде кемінде 20 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар ұсынылуы керек де­лінген. Бұл жастарға ар­тылған үлкен сенім,  әрі қолдау деп білемін. Креативті, жаңашыл көз­қарастағы жастардың билікке араласуы елдің өркендеуіне үлкен серпін берері анық. Біздің уақыт келді. Мүм­кіндіктен қалыс қалмай, алға ұмтылайық.