Алматы қ. Алмалы аудандық қылмыстық сотының А.Ж. Битимбаевты терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға соттау туралы үкімі заңды күшіне енді.Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
"Ол ҰҚК назарына деструктивті діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының жақтасы ретінде ілікті.Тексеру барысында оның Интернетте «ДАИШ*» (ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым) үгіт-насихатының ықпалымен халық көп шоғырланған орындарда жарылғышты пайдаланумен терактілер дайындауы туралы ақпарат алынды", деп хабарлайды ҰҚК.
Қарулы шабуыл жасағаннан кейін ол шетел содырларының қатарына өту және террористік әрекетін жалғастыру үшін Сирияға жетуді жоспарлаған.
Битимбаевтың көрсетілген ойларын болдырмау үшін оны ағымдағы жылдың сәуірінде Алматыда ішкі істер органдарын тарта отырып, ҰҚК күшімен ұстау жүргізілді.
Тінту кезінде одан атыс қаруы мен травматикалық қару, қолдан жасалатын жарылғыш құралдар жасауға арналған құрамдас бөлшектер, үш сауда-ойын-сауық орталығының сызбалары, бетперде мен қолғап алынды.
"Битимбаевтың кінәсі куәгерлік түсініктермен, заттай және өзге де дәлелдермен толықтай дәлелденді", деп хабарланады.