Еліміздегі кинотеатрлар қашан ашылады?
Еліміздегі кинотеатрлар қашан ашылады?
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов кинотеатрлардың жұмысын жандандыру жөнінде пікір білдірді.
 «Өздеріңіз көріп отырғандай, барлық шекаралас мемлекеттерде жағдай қалыпқа келмей жатыр. Ауру жұқтыру жағдайлары жиі байқалады. Мысалы Мәскеуде карантиндік шаралар күшейтілуде. Бұрын карантинді жеңілдеткен елдер қайтадан күшейту енгізіп жатыр. Оның үстіне ЖРВИ, суық тию сияқты маусымдық аурулар басталады. Қауіп-қатер өте жоғары, сондықтан жеңілдік туралы әрбір шешімді қабылдарда барлығын мұқият және жан-жақты зерттеу керек», - деді Ерлан Қиясов.
Айта кетейік, 6 қазаннан бастап Алматы қаласында театрлар жұмыс істей бастайды.