Сауда үйіндегі эвакуация: қораптың іші бос

Сауда үйіндегі эвакуация: қораптың іші бос

Розыбакиев көшесінде орналасқан Алматыдағы сауда үйінде тексеру шаралары аяқталды.

Қаланың полиция Департаменті таратқан ақпарға сәйкес Mega Alma-Ata қызметкерлері мен келушілерді эвакуациялауға себеп болған қораптың іші бос болған. Қауіпті режим тоқтатылды.

11 қазан таңертең Mega Alma-Ata сауда үйінде күдікті зат табылды деп қызметкерлер мен келушілер эвакуацияланған еді.