Коронавирус: Нью-Йоркте мектептер жабылып жатыр
Коронавирус: Нью-Йоркте мектептер жабылып жатыр
118
оқылды
Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо коронавирус жұқтырғандар саны көбейген Бруклин және Куинс кварталында мектептерді жабуды бұйырды, - деп хабарлайды REUTERS.  
Бірден 9 ауданда жеті күн қатарынан коронавирус жұқтырғандардың көрсеткіші 3 пайыздан асып кеткен, сондықтан Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио мектептерді жабуды ұсынды. Бұл ұсынысын штат билігі де қолдады.
"Өз баламды жібергім келмейтін мектептерге Нью-Йорктағы басқа отбасылардың жібергенін қаламаймын, оған жол бермеймін", - деді Куомо.