Мұнайлы өлкенің бір күні
Мұнайлы өлкенің бір күні
Атырау қаласының бас­шылығы мерей­тойында жергі­лікті тұрғындарға жақсы сый жасады. Алдымен  үш жүзден ас­там атыраулық жаңа үйден пәтер кілтін алып, қо­ныс­тойын атап өту қуанышына ие болды. Атырау қаласының «Нұрсая» ықшамауданында орналасқан 240 жаңа пәтер мен «Береке» ау­данында орналасқан тағы бір көпқабатты тұрғын үйден 70-тен астам пәтер берілді. «Нұр­сая» ықшамауданынан бас­пана бұйырғандардың көбі апат­ты жатақханада тұрып кел­гендер. Қоныстойын тойлап жат­қандардың  бірі – Танзиля Гилажева қаланың Гагарин кө­шесі, 124-үй мекенжайында орна­ласқан 70 пәтерлі жатақ­ханада ортақ жал­ғыз әжетхана бол­ғанын, ыстық сусыз өмір сүр­ген­дерін айтады.
 «Бір үйде үш адамбыз. Қуықтай бөлмеде тұрдық. Ең жаманы, салынғалы жарты ғасыр болған апатты үйде ұзақ жылдар бойы үреймен өмір сүрдік. Соң­ғы бес-алты жылда қалалық және облыстық әкімдіктің есігін тоздырып, мәселеміз шешімін таппай келген болатын. Қала күні қарсаңында жаңа баспана бұйырды.  Қала әкімі Қайрат Оразбаев әкім болып келгелі біз­дің мәселемізді жеке ба­қы­лауына алды. Тіпті, су жы­лы­татын арнайы құрылғы ор­натып берген болатын. Енді міне, баспаналы болдық. Қу­анышымызда шек жоқ. Үйді қазір  өз атымызға жаз­ғызып, құ­жаттарын реттеп толық мен­шігімізге беріп жа­тыр» деген Гилажева аймақ бас­шыларына алғысын айтты.
Ал «Береке» ықшамауданын­да орналасқан көпқабатты тұр­ғын үйден көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға пәтер берілді.
Атырау шаһарының 380 жылдық мерейтойына арналған шарада облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «қала күні қар­саңында жүздеген жерлесіміз  қоныстойын тойлап жатыр. Көп жылдар бойы апатты үйлер мен жатақханаларда тұрып, қиындық көрген жерлестеріміздің ар­маны орындалды. Халықты бас­панамен қамтамасыз ету жұ­мыстары бір сәт те тоқтамайды», – деп жаңа қоныс иелерін құт­тықтады.
 

Жедел жәрдем  көмегі кешікпесін

Мұнайлы аймақтың ден­саулық саласы да қала күнінде саланың даму жоспарына сәй­кес автокөлікпен қамтылды. Аты­рау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов  об­лыстық медициналық жедел жәрдем стансасына жаңа 22 же­дел жәрдем көлігінің кілтін табыстады.
«Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің қолдауымен өңір­дің денсаулық сақтау саласы 22 медициналық жедел жәрдем көлігімен толығып отыр. Ко­ронавируспен күрес кезінде дәрігерлеріміздің көрсеткен қажыр-қайраты мен еселі ең­бегін  өте жоғары бағалаймыз. Пандемияның бірінші кезеңінен  үлкен сабақ алдық. Кемшіліктерімізді толық­тырып бүгінгі күні екінші тол­­қынға дайындығымызды да пысықтап алдық. Облыста дәрі-дәрмек пен құрал-жаб­дық­тарымыз жеткілікті. Дәрі­герлеріміз мол тәжірибе жи­нақтады. Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласына көмек көрсету жалғасады. Қа­раша айында тағы 18 ме­ди­циналық жедел жәрдем көлігі жеткізіледі. Әлемдік COVID-19 пандемиясы ұлттың саулығын сақтаудың маңызын арттыра түсті. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – денсаулық сала­сын дамыту. Мүмкіндігінше тұр­ғындардың денсаулығы жақ­сарып, жедел жәрдем көмегін қажет ететін жағдайлар азай­сын», – деді аймақ басшысы.
Бұған дейін жедел жәрдем стансасында 50-ге жуық автокөлік халыққа қызмет көрсетуге жұ­мылдырылып келді. Келесі жылы рес­публикалық бюджет қаражаты есебінен  қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарланып отыр. Атырау қалалық жедел жәр­дем стансасының басшысы Бауыржан Дүйсебайұлының айтуын­ша, заманауи авто­көліктер науқасқа алғашқы кө­мек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен толық қам­тамасыз етілген.  

Балықшы ықшам­ауданын­дағы Жайық жағалауы аумағын­дағы 2 гектар алаң атыраулық белсенді азаматтардың ұсынысы­мен тал-теректерді егуге қала әкімдігінің рұқсаты берілген. Туған жерге көңіл бөлуге тұрғындарды үн­деген белсенді азамат Арман Хайруллин «Отбасы саябағы» деп аталған алаңда бірнеше гектар жерде жеміс ағашы мен талдың көшетін егу жұ­мыстары қызу жүретінін ай­тып өтті.

  Жедел жәрдем стансасына берілген  «С» санаты бойынша 13, В  санатымен 9  Хюндай Н350 маркалы медициналық жедел-жәрдем көліктері Денсаулық сақтау министрлігінің Инвес­тициялық саясат департаменті, санитарлық көлік жаңартылуы бойынша «Жол картасын» орын­дау мақсатында берілуде. Бүгінде автокөлік нөмірін, тех­никалық құжаттарын жасақтау жұмыстары атқарылуда. Со­дан соң олар тұрғындарға қыз­мет етуге жолға шығады. Ал қарашада келетін жедел жәр­дем авткөліктерінің дені об­лыстан шалғай Қызылқоға мен Құрманғазы және өзге аудан­дарға бөлінеді.  

Табиғат көркі жасыл теректер

Атырау қаласының 380 жылдық мерейтойына орай Атырау облысының тұрғындары мен аймақ басшылары кө­гал­дандыру шарасына қатысып, көшет отырғызды. Балықшы ықшам­ауданын­дағы Жайық жағалауы аумағын­дағы  2 гектар алаңда атыраулық белсенді азаматтардың ұсынысы­мен тал-теректерді егуге қала әкімдігінің рұқсаты берілген. Туған жерге көңіл бөлуге тұр­ғындарды үн­деген белсенді аза­мат Арман Хайруллин «Отбасы саябағы» деп аталған  алаңда  бір­неше гектар жерде жеміс ағаш пен талдың көшетін  егу жұ­мыстары қызу жүретінін ай­тып өтті. Аймақ  басшысы Махамбет Досмұхамбетов алма ағашы кө­шетін отырғызып, қала кө­лемінде ұйымдастырылып жат­қан көгалдандыру жұмысына сәттілік тіледі.
Қала әкімі Қайрат Оразбаев жыл басынан бері  қаланы көгалдандыру жоспарына сәй­кес 20 мыңдай тал егілгенін атап өтті. «Атырау қаласын көгалдандыру облыс әкімінің бізге жүктеп отырған басты міндеттерінің  бірі. Сон­дықтан шаһарымызды жасыл қалаға ай­налдыру үшін алда да ауқымды істер атқарылады. Бұл бағытқа арналған нақты іргелі жобамыз бар. Ол үшін өңірі­міздегі ірі ком­панияларды да тартамыз», – деді қала әкімі. 
Шаһарды көгалдандыру шарасына  ТШО, НКОК, АМӨЗ, «Ембімұнай» мен «Интергаз»  сияқты мұнай саласындағы бес ірі компания басшылары да ке­ліп,тал-терек егіп, бастама иелеріне сәттілік тіледі. Atray1 Күні бүгінге дейін «Отбасы саябағы» аталған аумаққа тал-терек егіліп болды. Саябақтың ашылуына себепкер болған аза­маттарға өңірдегі депутат, кәсіпкерлер   Махмут Мералиев, Әлібек Семғалиев бастаған аза­маттар  жеміс ағаштары мен теректерді, қара топырақ,  күрек­тер мен жер қазуға арналған құрылғысы бар көліктерді бе­ріп қолғабыс етуде. Көлемі ау­қымды саябақты қоршау қазан айының соңына дейін аяқталып, егілген тал-теректі күтімге алу жұ­мысына мамандар ша­қырылған.  

Жастар саябағы мен абаттандырылған  жағалау  ашылды

Қала мерейтойына орай жер­гілікті тұр­ғындар асыға күт­кен Жастар сая­бағы мен  абат­тандырылған Жайық жағалауы ашылды. Шараға облыс әкімі Махам­бет Досмұхамбетов қатысып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.
«Мұнайлы өлкенің қара ша­ңырағы Атырау қаласының тағылымды тарихының тамыры тереңде. Қала да адам сияқты  тағдыры бар, тарихы бар, тамыры бар. Тарихы бай шаһарымыз бұл күнге өзіндік табысымен және мол жетістігімен жетіп отыр. Қазір Атырау қаласы за­манға сай өркендеу мен ке­мелдену кезеңінде. Облыс ор­талығы тарихының жаңа беттері жазылуда. Оған сіздердің әр­қайсыңыз үлкен үлес қосып жатырсыздар» деген аймақ басшысы тамаша тарту жасағаны үшін «НКОК» компаниясы бас­шылығы мен ұжымына атырау­лықтар атынан алғыс білдірді. 
Ұзындығы 1861 метр бола­тын қаланың еуропа бөлігінде Бейбарыс көпірінен Жастар сая­бағына дейін Жайық жаға­лауы бойы 7,86 гектар болады. Жағалауда үш субұрқақ, «Аты­рау қаласының символы», «Шаңы­рақ» стелла туындылары, бақылау алаңы, архитектуралық аркалар және сөрелер, жабдық­талған балалар алаңы, сауда алаң­дары, пандустар, көлеңкелі шатырлар, қоқыс жәшіктері бар отырғыштар және шамдар ор­натылған. Сонымен қатар Жағалау бойына жүгіру жолы, велосипед жолы, жаяу жүргіншілер жолы мен гранит тас төсемелі жол­дары салынған. 6,5 гектар аумақты алып жатқан Жастар саябағында демалыс пен спорт алаңдары, субұрқақтар  мен скейт-парк бар. Сондай-ақ әртүрлі терек, бұта отырғызылып, газондармен көгалдандырылған. Бұған қоса, Атырау облысы әкімдігі ғимаратының қарсы бетіндегі екі пирс жөндеуден өткізіліп, бұрынғы субұрқағы қайта жаңартылғанын да айта кету керек.
Бұл көрікті мекендер аты­рау­лықтардың сүйікті орнына айналарына сенім білдірген облыс әкімі Махамбет Дос­мұхамбетов: «Ел игілігі үшін мұндай әсем әлеуметтік нысан­дардың санын арттырып, сапа­лы қызмет етуіне ықпал ету үне­мі назарымызда бола­ды. Қа­ламыздың барша тұрғын­дарын туған қаламызды көр­кей­тіп, жасыл желекке орап, Жайығымызды таза ұстап, ха­лық игілігіне арналған нысан­дарға қамқор көзбен қарауға шақырамын. Ұлы бабамыз әл-Фараби арман еткен «Қайырым­ды қалаға» айналуына барлық негіз бар. Өйткені бұл шаһарда ел ертеңіне бейжай қарамайтын, қайырымдылық пен жақсылыққа жаны құмар азаматтар тұрады», – деді.
Атырау шаһарында маңнан аса біріккен және шетел кәсіпо­рындары құрылып, сәтті жұ­мыс істеуде. Олардың қатарында мұнай-газ саласындағы ірі кә­сіп­орындар бар. Атырау об­лысының экономикалық да­муы­ның негізгі бағыттары: мұ­­най-химия, мұнай-газ машина жасау, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен және балық аулау. Еуропа мен Азияны жалғап тұрған аймақ түрлі табиғи ресурстар қорына бай. Бүгінде 380 жылдығын атап өткен мұнайлы аймақтың халқы сәулеті мен дәулеті жарасқан шаһардың экологиясы мен эко­­­номикасына, мәдениетінің да­муына атсалысуымен елге өне­ге болып отыр.    width=     Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ Атырау облысы