Сәлафит жігіт суретке түсірмегені үшін біреуді ұрып тастаған
Сәлафит жігіт суретке түсірмегені үшін біреуді ұрып тастаған
165
оқылды
Сәлафит ұстанымын ұстанушы жігіт өзін суретке түсуден бас тартқан азаматты ұрып тастады.
Сәлафит азамат Павлодар тұрғыны екен. Ол аулада жүрген көршісіне өзінің телефонына суретке түсіріп жіберуін өтінген. Ал ішімдік ішіп алған көршісі суретке тегін емес, бір жартыға түсіріп беретінін айтқан. Жанжалдың ұстасуы осы жерден басталыпты.
Ақырында көршісі ауруханаға жатқызылып, салафизмнің жақтаушысына ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, фотосуреттердің жанкүйері бұған дейін де қарақшылық үшін жауапқа тартылған екен.