Екі көліктен 14 адамның өлі денесі табылды
Екі көліктен 14 адамның өлі денесі табылды
118
оқылды
Бұл оқиға Мексиканың Сан-Луис-Потоси штатының Дульс-Гранде аймағында болған. Елдің орталық бөлігінде, полиция екі көліктен он ер адам мен екі әйелдің денесін тауып алған.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары денелердің жаныннан қылмыстық ұйымға қатысы бар жазбаша хабарлама болған. Онда «полиция қызметкерлері қазіргі уақытта белгісіз саналған он ер адам мен екі әйелдің өлім себептерін анықтау үшін тергеу жүргізуде», – делінген екен.
Мемлекеттік бас прокуратураның мәліметінше, мәйіттердің жанынан хабарлама табылғанымен, оның мазмұнында адамдардың өлімінің себебі ашылмаған. Биылғы жылдың сегіз айында бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топ жұмыс істейтін Сан-Луис Потосиде 411 адам қаза тапты. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43%-ке көп. Бұған дейін Мексиканың Хараль-дель-Прогресо қаласында алты белгісіз қылмыскер барға келген 11 адамды өлтірген еді.