Әблязов Франциядан саяси баспана алыпты
Әблязов Франциядан саяси баспана алыпты
147
оқылды
Қазақстан билігінің сыншысы, шетелде тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязовтің Франциядан саяси баспана алғаны хабарланды.
Бұл ақпаратты алдымен Әблязовтың заңгері Бота Жәрдемәлі 4 қазанда Facebook парақшасында жариялады. Оның жазуынша, Францияның саяси баспана жөніндегі ұлттық соты (CNDA) Әблязовты саяси босқын деп таныған.
"Қазақстан билігінің Франция басшылығына жасаған күшті саяси қысымына, режимнің ұйымдастырған халықаралық лоббиіне, қолдан жасалған айыптауларына, манипуляция мен француз соты жүйесіне жасаған қысымына қарамастан іс бітті" деп жазды Жәрдемәлі. Әблязовтың өзі Азаттыққа Франциядан саяси баспана алғанын растады. Ол жайында Франциялық Le Monde басылымы да Францияның Әблязовқа саяси босқын мәртебесін бергенін жазды. Басылымның мәліметінше, шешім 29 қыркүйекте шыққан. Le Monde Францияның саяси баспана жөніндегі ұлттық соты "бірнеше ай бойы" Франциялық босқындар ісі бойынша басқармасының апелляциялық шағымын қараған. Бұл басқарма 2018 жылы мамырда Әблязовтың босқын мәртебесін сұраған өтінішін қанағаттандырмаған еді.