Праймериз – халыққа қызмет еткісі келетіндер көп екенін көрсетті
Праймериз – халыққа қызмет еткісі келетіндер көп екенін көрсетті
142
оқылды
Тұңғыш рет өткізілген шараның қалай болатыны, қалай өтетіні көпшілікті қызықтырғаны рас. Сондықтан да қоғам айтулы шараға ерекше назар аударды. Алматылықтар праймеризге қатысты өз пікірлерімен бөлісті. праймериз
– Праймериз халық арасынан белсенділерді анықтап, іріктеп алуға арналған ең жақсы жол екенін мойындауымыз керек. Біз ел ішіндегі мәселелерді шешуге атсалысқысы келетін, халыққа қызмет етуге дайын азаматтардың көп екенін көрдік. Саяси белсенділікті, ашықтықты насихаттауға мүмкіндік берген, бір сәтке болса да ел өмірінде әркімнің рөлі маңызды екенін көрсеткен науқан болғанына шүбә жоқ. Олар қалаған тақырыптарын қозғап, өз ойларын ашық айта алды. Праймеризге қатысып, айтары бар азаматтардың «Nur Otan» партиясымен ары қарай да тығыз байланыста болып, ел игілігі үшін жұмыс істейді деп сенемін. Осы жауапты шараға белсенді қатысқан азаматтарға ризашылығымды білдіремін, – деді №26 бөбекжай-балабақша меңгерушісі Айман Бозбашева.
праймериз– Елімізде бірінші рет өткен праймериз халықтың қоғамда болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамайтынын көрсетті. Ашықтық, жариялылық, цифрлы Қазақстан дамуы тағы да бір рет көпшіліктің қолдауымен праймеризде өз таңдауларын жасауға көмегі тиді. Халық өз таңдауын жасады. Әр үміткер әр маманның майталманы болғанымен, олар сайлауалды бағдарламада әр бағыттағы мәселені көтерді, атап айтсақ: шағын және орта бизнесті көтеру, жұмыссыздықты жою және тағы сол сияқтылар, – деді «Аяжан» медицина колледжі диекторының орынбасары Айсұлу Қалымбетова.
праймериз Бұл – демократия мен азаматтық қоғамды дамытуға серпін берген, нағыз көшбасшыларды қарапайым ел арасынан табуды көздеген игі бастама. Праймериз – өзге елдердің тәжірибесінде өзін-өзі дәлелдеген және сынақтан өткен ең тиімді тәсіл. Әу баста АҚШ-та, одан кейін Еуропаның бірқатар елінде қолға алынған. Праймериздің негізгі мақсаты – партияішілік сайлауда өндіріп іс жасайтын, ел алдына шығар көшбасшыны таңдау. Батыс елдерде праймериз ашық және жабық түрде өткізіледі. Биыл «Nur Otan» партиясы (сынамалы іріктеуді есептемегенде) алғаш рет праймериз өткізді. Барлық салада алдыңғы қатардан көрініп жүрген еліміздің көшбасшы партиясы «Nur Otan» бұл істе де үлгі болды.
Елбасы – партия Төрағасы Н.Назарбаев атап өткендей, праймериз ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік берді. Дамыған елдерде де әр партия өз қатарында елді сөзіне ұйытар шешен адамдардың болуына баса мән береді: праймеризге қатысушылар арнайы курстан өтіп, шебер сөйлеуге, көпшілік алдында сөз саптауға машықтанған азаматтар. «Қара қылды қақ жарған, от ауызды, орақ тілді» ел басқаратын азаматтары бар, еліміздің дамуына бағытталған тың саяси өзгерістер әкелетін «Nur Otan» партиясына сеніміміз зор! – деді №137 М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Света Арынова.