Арман Қырықбаев: «Праймериз» ақпараттық жүйесінде тіркелгендердің 84,2%-і дауыс берді
Арман Қырықбаев: «Праймериз» ақпараттық жүйесінде тіркелгендердің 84,2%-і дауыс берді
133
оқылды

Бұл туралы партиясының хатшысы «Праймериз 2020, «Nur Otan» партиясының ішкі партиялық іріктеу қорытындысы» баспасөз конференциясында егжей-тегжейіне тоқталды.

Оның айтуынша, жаңа форматта республикалық ауқымда тұңғыш рет өткізіліп отырған праймеризге қоғам тарапынан серпіліс зор екенін және бұл – Елбасы өткен жылы тамызда жариялаған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» атты партияны қайта жандандыру бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.
«Төрт күн ішінде «Nur Otan»-ның тіркелген мүшелерінің 662 687-сі немесе 84,2%-і дауыс беруге қатысты. 581 104 партиялық онлайн форматта таңдауын жасады. Интернетке қосылу мүмкіндігі әлі толық шешілмеген шалғай аудандарда тұратын 81 583 адам қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс берді» – деді Арман Қырықбаев.
Айта кетейік, брифингке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Казанцев Павел, саясаттанушы, «Nur Otan» партиясының жақтастары Лигасының мүшесі Саиров Ерлан қатысты. Естеріңізге сала кетейік, праймериздің бірінші кезеңі бойынша сайлаушылардың дауысын есептеу жұмысы толықтай аяқталды. Праймеризге 10 990 кандидат қатысты. Оның 7 143-і – өзін-өзі ұсынушылар. 36%-тен астамы – әйелдер, 29%-і – 35 жасқа дейінгі жастар. Үміткерлердің орташа жасы – 43 жас. https://www.youtube.com/watch?v=q1McKVq_qx4&feature=youtu.be