Бішкектегі тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Бішкектегі тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр
106
оқылды
6 қазан сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Бішкектегі тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен жалпы саны 686 адам медициналық мекемелерге жүгінген. Бұл туралы Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24.kg хабарлайды,  -деп жазады azattyq-ruhy.kz. Ведомствоның мәліметінше, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 521 зардап шегуші амбулаториялық емделуге жіберілген. Әртүрлі деңгейде жарақат алған 164 адам ауруханаға жатқызылды, оның 7-уі жансақтау бөлімінде. 2001 жылы туған бір ер адам қайтыс болды.
  • Бішкектегі травматология және ортопедия ғылыми орталығы жалпы саны 313 адам жүгініп, оның 75-і ауруханаға жатқызылды, үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
  • Зардап шеккен 2115 адам Ұлттық госпитальге жүгінген, оның 58-і ауруханаға жатқызылды, төртеуі жансақтау бөлімінде.
  • № 1 қалалық клиникалық ауруханаға жарақат алған 30 адам жүгініп, оның жетеуі ауруханаға жатқызылды.
  • Шу облыстық ауруханасына 113 адам жүгінген: оның 102-сі амбулаториялық емделуге жіберілді, 11-і ауруханаға жатқызылды.
  • Ұлттық хирургиялық орталыққа 15 адам жеткізілген: оның екеуі амбулаториялық ем алуға жіберіліп, 13-і ауруханаға жатқызылды.
Еске сала кетейік, Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген наразы топ 5 қазанда Бішкек орталығында митинг өткізіп, кейінірек наразы топ парламент ғимаратын, Ақ үй, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына басып кірді. Сондай-ақ бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатып алған. Наразы топ астаналық әкімдік ғимаратын да басып алған. Бішкектегі Ала-Тоо алаңында болған көтерілісте бір адам қаза тапты. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли көршілес Қырғызстанда болып жатқан жағдайға пікір білдірді.