Ахметов алғаш болып праймериз қатысушыларымен кездесу өткізді
Ахметов алғаш болып праймериз қатысушыларымен кездесу өткізді
219
оқылды
Nur Otan партиясы Шығыс Қазақсан облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Д.Ахметов елімізде алғаш рет өткізілген Nur Otan партиясының праймеризіне қатысушы үміткерлермен онлайн кездесті. Ахметов – Шығыс Қазақстанда облысы бойынша праймеризге қатысу үшін 1054 кандидат тіркелді, дауыс беру кезеңіне 923 адам жетті. Үміткерлердің 39,3 пайызы әйелдер болса, 24 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болып отыр. Кандидаттардың үгіт-насихат жұмысы кезінде 1,5 мыңнан астам ұсыныстар келіп түсті. Бұл өңірдегі өзекті мәселелердің нақты картасы деуге болады. Дауыс берудің барлық тәртібі ашық болды, нақты уақыт режимінде «Праймериз» порталында әрбір тұрғын дауыс бергендердің саны мен үміткерлердің рейтингін көруге мүмкіндік алды. Мен үгіт-насихат жұмыстарын мұқият қадағаладым, бәсекелестік жоғары болды. Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жақсы жүргізді, әлеуметтік желілерде жоғары белсенділік танытты. Барлық праймеризге қатысушы үміткерлерге алғысымды білдіремін, – деді Даниал Ахметов. Праймеризге қатысушыларға дауыс беру 1-4 қазан аралығында өтті. ШҚО бойынша 37106 партия мүшесі үміткерлерге онлайн дауыс берсе, 8115 адам дәстүрлі бюллетен арқылы дауыс беру учаскелерінде өз таңдауларын жасады. Дауыс беруге партия мүшелерінің 88,7% қатысты. Ахметов – Праймеризге қатыса отырып үлкен тәжрибе жинадым. Бұл шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылса да қатысушылардың белсенділіктері жоғары болды. Үгіт-насихат кезеңінде берілген мүмкіндікті барынша тиімді пайдалануға тырыстым. Мені қолдап дауыс берген партияластарға алғыс білдіремін, – деді праймеризге қатысуша З. Камасова. Кездесу соңында, праймеризге қатысқан барлық үміткерлер Nur Otan партиясы Шығыс Қазақсан облыстық филиалы төрағасын алғыс хатымен марапатталды.