Нұр-Сұлтанда өтетін сенбілікте 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады
Нұр-Сұлтанда өтетін сенбілікте 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады
135
оқылды

Экологиялық айлық аясында 12 қазанда елордада Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне арналған республикалық ағаш отырғызу акциясы өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Жаппай ағаш отырғызу акциясына Парламент депутаттары, Президент әкімшілігінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, аудан әкімдіктері, Nur Otan партиясы мен басқармалардың қызметкерлері және экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Акцияға 2600 адам үлес қосып, олардың көмегімен қалада 4 667 жасыл желек отырғызылады.

(йымдастырушыларының айтуынша, компенсациялық ағаш отырғызу шеңберінде 505 тал ағаш егіледі.

Атап айтқанда, Алматы ауданында – 427 түп ағаш, Байқоңыр ауданында – 1 170 түп, Есіл ауданында – 1 465 түп және Сарыарқа ауданында 100 түп ағаш отырғызылады.