Жыл соңына қарай коронавирустан 2 миллионнан астам адам көз жұмуы мүмкін
Жыл соңына қарай коронавирустан 2 миллионнан астам адам көз жұмуы мүмкін
119
оқылды
Коронавирус пандемиясы басталғалы бері 9 айда індеттен қайтыс болғандар саны 1 миллионға жетті, алайда денсаулық сақтау саласының зерттеушілері таяу үш айда бұл көрсеткіш екі есе артуы мүмкін екенін айтуда, деп жазады South China Morning Post. Қыс түсуімен және солтүстік жарышарда тұмау маусымының басталуымен байланысты аурудың күрт өсуі байқалады. Дүйсенбіде ДДСҰ әлемде әрбір оныншы адам коронавирусқа шалдыққан болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Вашингтон университі Метрика және денсаулықты бағалау институтының болжамы бойынша, жыл соңына қарай бұл індеттен  2,3 миллионға жуық адам көз жұмуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін ғалымдар коронавирустың қауіпті зардабын анықтағанын жазған болатынбыз.