Мысырда 2500 жылдық тарихы бар саркофаг ашылды
Мысырда 2500 жылдық тарихы бар саркофаг ашылды
152
оқылды

Гизадағы Саккарада қазба жұмыстары нәтижесінде 59 мөрленген саркофаг табылды. Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі TauNews.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды.

 Олардың жасы шамамен 2500 жыл. Саркофагтардың бірі бұқаралық ақпарат құралдарының алдында ашылды. Ішінде иероглифтермен жазылған, шүберекке оралған, мумияланған мәйіт жатыр. Табыттар діни қызметкерлерге, жоғары шенеуніктерге және фараондардың соңғы кезеңіндегі (б.з.д. 664-525 жж.) элита үшін жасалған.

Сондай-ақ, Саккар некрополиясының басты құдайы Птах-Сокердің 28 мүсіншесі және 35 см биіктікте, асыл тастармен көмкерілген Нефертум құдайының әдемі оюланған қоладан жасалған мүсіншелері табылды.