Атырауда денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды
Атырауда денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін Асхан Байдуәлиев атқаратын болды, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.  Асхан Мархабайұлының мамандығы – дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. Еңбек жолын аталған университеттің урология және жедел нефрология кафедрасында ассистент болып бастаған. Әр жылдары Алматы облысындағы Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті қосымша кәсіби білім орталығының басшысы қызметін атқарған. Сондай-ақ, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті клиникалық жұмыстар жөніндегі департаментінің директоры, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып жұмыс істеген. Осы тағайындауға дейін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды. Еске сала кетелік, бұдан бұрын облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кеткенін белгілі болды.