Алматы барахолкасында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші қайтыс болды

Алматы барахолкасында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші қайтыс болды

Алматы барахолкасында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші қайтыс болды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. «Isuzu» көлігі 47 жастағы ер адамды қағып кетті. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген хабарламада.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде таралды. https://www.instagram.com/p/CF_5BmEJJwO/