Ақтөбеде 99 қылмыстық іс тіркелді
Ақтөбеде 99 қылмыстық іс тіркелді
5,172
оқылды

Биыл облыста сыбайлас жемқорлыққа қатысты 99 іс тіркелді. Оның тең жартысы ауыр қылмыстар, – деп хабарлады Aktobenews.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті 9 айдың қорытындысын шығарды. Барлығы 99 қылмыстық іс тіркелсе, оның 50 проценті ауыр санатқа жатады. Қаржы жымқыру, мемлекет қаржысын талан-таражға салу дерегі бойынша 30 іс, қылмыстық өкілеттілігін асыра пайдалануда 38 іс, пара алуда 24 қылмыстық іс бар.

Биыл барлығы 112 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Кейбір іс өткен жылдан бастап тергелген.
«Таяуда Шалқар ауданында теміржол саласының басшысы 1,2 миллион теңге пара алумен ұсталды. Тергеу талаптарына сай өзге ақпарат құпия сақталады», – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің облыстық департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов.