Қазақстандық футболшы Испания клубының ойыншысы атанды
Қазақстандық  футболшы  Испания клубының ойыншысы атанды
186
оқылды
Қазақстан жастар құрамасының 19 жасар ойыншысы  Дмитрий Бачек испан клубының ойыншысы атанды.

Бұдан былай жерлесіміз Испанияның үшінші дивизионындағы «Унионт Депортива Поболенсе» клубында өнер көрсететін болады. 1935 жылы құрылған клуб  Балеар аралының Ла-Пуэба қаласында орналасқан. Клуб өзінің тарихында бірде-бір рет жоғарғы лигада өнер көрсетпеген.

Дмитрий Бачек Қарағандылық «Шахтер» клубының түлегі. 2019 жылдың соңында ол өз клубынан кетті.