Оралда танкіге қарсы миналар табылды
Оралда танкіге қарсы миналар табылды
158
оқылды
Орал қаласында танкіге қарсы миналар табылды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 6 қазан күні Желаев өндірістік аумағында орын алды. «ПМК» ЖШС директоры өндірістік аумақты аралап жүріп, темір-терсектің арасынан миналар тауып алған.
«Оқиға орнына полиция қызметкерлері саперлармен барып, қарады. Зерттеген кезде табылған заттар жаруға келмейтін оқу миналары болып шықты. Одан ешқандай қауіп жоқ», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.