Әлеуметтік кәсіпкерлікке жүйелі қолдау керек
Әлеуметтік кәсіпкерлікке жүйелі қолдау керек
202
оқылды
«Мемлекет басшысы осы мәселеге баса мән беріп отыр. Президентіміз нақты тапсырмалар да берді. Сондықтан алдағы уақытта мемлекеттік органдар тарапынан әлеуметтік кәсіпкерлікке жүйелі қолдау көрсетілу керек. Бұл ретте ерекше қажеттілігі бар адамдар мен әлеуметтік осал топтардың кәсіпкерлікпен айналысуына және жұмысқа орналасуына мүмкіндікті арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Осы бағыттағы негізгі қадамның бірі – әлеуметтік кәсіпкерліктің қызметін реттейтін және мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің тиімді тетіктерін анықтайтын заң қабылдау», – деді Сенат Төрағасы.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік көптеген елде кең тарағанын тілге тиек етті. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия сияқты елдерде жалпы ішкі өнімнің 3-тен 5 пайызға дейінгі көлемін әлеуметтік кәсіпкерлік қамтамасыз етеді. Мәулен Әшімбаев Сенат жанынан әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша заң жобасын әзірлейтін жұмыс тобы құрылатынын айтты. Бұл жұмыс Мәжіліспен бірлесіп іске асырылады. Кездесуге қатысқан әлеуметтік кәсіпкерлер бірқатар нақты ұсы­ныстарын жеткізіп, саланы дамытуға қатысты ойын бөлісті. Одан бөлек, іс-шараға Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов және Мәжіліс депутаттары қатысты.  

А.СҰЛТАН