«Қайыр сұрамады» деп балаларын тепкінің астына алған ана (видео)
«Қайыр сұрамады» деп балаларын тепкінің астына алған ана (видео)
170
оқылды
Көпбалалы ананың осындай қатыгездігін көрген жұрт жағасын ұстады. Оқиға Алматы қаласындағы Алтын Орда базарында орын алған.
Көпбалалы ана балаларымен бірге базар маңында қайыр сұрап жүреді екен. Сондай күннің бірінде көпбалалы ана қайыр бермеген өткіншіні жағасынан алған. Оны ұрып қана қоймай, қолын тістеп алған. Келіншек көлігінен полиция шақырып тұрғанда қайыршы ана оның көлігінің артқы әйнегін сындырып тастады.
[embed]https://www.instagram.com/p/CF9GPkLJ0Gt/?utm_source=ig_embed[/embed]

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары көпбалалы ананы қамауға алмай, айыппұл салып жібере салған. Олардың айтуынша, бұл оның бірінші жанжалы емес. Бұл көпбалалы ананың 6-шы әкімшілік хаттамасы. Оның үшеуі дене жарақатын салғанға болса, қалғаны ұсақ-түйек бұзақылық жасауы еді. Сонда 37 жастағы ана бұған дейінде талай рет өткіншілерге тиісіп, балағаттап, мазасын алғаны анықталды.

Өткіншіні ұрып-соққан видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап кеткен. Сондағы қайыршы ананы тағы бір алматылық тұрғын танып, әйелдің бұған дейін де балаларын аяусыз ұрып-соққанын көріпті. Оның айтуынша, ол балаларын көше бойында-ақ тепкілеп тастаған.

– Ананың «қайыр дұрыс сұрамадыңдар» деп балаларын көше бойында ұрып жатқанын көріп, ұрмауын сұрағанымда өзімді бас салды. Сол кезде оның есі дұрыс емесін сезіп, көліктен шықпадым. Бірақ бейшәра қыздың анасынан соққысынан сытылып шыға алмай, не істерін білмей тұрғанын көрдім. Өйткені жан-жағы зулап жатқан көлікке толы. Соның арасындағы жүк көліктің астына түсіп кетсе не істейді?, – дейді Римма Абитова.

Тіпті, ол қыз балаларды қорғап қалауын өтініп жергілікті әкімдікке барған. Алайда әкімдік ол әйелді таба алмады. https://youtu.be/b6VWDjB2wBg