Малшы мастығының кесірінен 100 қойын жоғалтып алыпты
Малшы мастығының кесірінен 100 қойын жоғалтып алыпты
157
оқылды
Ақтөбе облысының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қыркүйек күні болған. Жедел іздестіру жұмыстарының арқасында аудан орталығынан 30 шақырым жерде қойдың  50 шақтысы табылған. "Көп жағдайда малдың жоғалуына иелерінің өздері кінәлі. Қараусыз жатқан жерлерге малын бақылаусыз жібере салады, артынан шырылдап іздейді. Ал бұл жағдайда малшы ішімдік ішіп алған. Буын-буыны босаған ол, өзінің ұйықтап кеткенін байқамай қалған. Міне, сол кезде мал жоғалып кетіпті. Малшы  бір жұмадай өзі іздеп көрген. Малды таба алмаған соң, полицияға шағымданған. Әзірге малдың жартысы ғана табылды. Ал қалғаны іздестіру үстінде» деді полиция департаменті.