Еліміздегі әр бесінші кинотеатр жабылуы мүмкін
Еліміздегі әр бесінші кинотеатр жабылуы мүмкін
121
оқылды
Коронавирус тағы бір айналып соқса, біздің елде де әр бесінші кинотеатр жабылып қалуы мүмкін.
Қазір бұл сала жұмыс істеп тұрған жоқ. Ал, шығын 15 миллиард теңгеге дейін жеткен. Қызметкерлердің 60%-ы жұмысынан кетті. «Қалғаны өзге жұмыстарға жегіліп жүр», - дейді сала басшылары.
– Тек жылудың өзіне 2 млн қарызбын. Суға 500 мың теңге, электр жүйесіне берешегім 1млн 800 мың теңге болды. Жұмыскерлерге айлық төлейтін жағдай жоқ. 130-дан астам қызметкердің жартысынан көбі жұмыстан кетіп қалды, – дейді кинотеатр желісінің директоры Фарух Құдайбергенов. Бұл – Қарағанды қаласындағы 400 орындық кинотеатр. Дәурені жүріп тұрған кезде танымал кинокомапниялардың талай туындыларын ізін суытпай көрерменге көрсетіп отырған. Алайда 7 айдан бері жағдай мүшкіл. Несие мен берешекті айтпағанда, коммуналдық төлем үшін 5 млн теңгеге қарызға кіріпті. Қызметкерлері де жаппай жұмыстан кетіп жатыр екен.