Алматылық қызды бірге тұратын азаматы құлдықта ұстаған (видео)
Алматылық қызды бірге тұратын азаматы құлдықта ұстаған (видео)
133
оқылды

36 жастағы келіншек үш жыл бойы Жамбыл облысындағы Асу ауылында тұрған екен. Ол бұл жаққа жалақысы жақсы болған соң, күтуші ретінде жұмыс істеуге келіпті.

Тоғжанның айтуынша, құлдыққа қалай түскенін өзі де түсінбей алған. Жұмысқа келген күннен бастап, жергілікті кәсіпкер оны зорлап, ұрып-соғып, арасында қара жұмысқа да салыпты.

«Ол ішімдік те ішіп, анаша да шегетін. Соған мені де күштеді. Айтанын істемесең тепкінің астына алады. Сондай кездерде ойына келгені істеп, мені зорлап, оны камераға түсіріп алатын» дейді Тоғжан.

[caption id="attachment_77935" align="alignnone" width="1024"]қыз ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Жергілікті кәсіпкердің есімі – Бақытжан, жасы – 51-де. Оның көрсеткен зорлық-зобылығының кесірінен бірде Тоғжан ауруханаға да түскен. Жағдайы ауыр болғаны соншалық, оған сол жерде кеуде тұсына ота жасапты. Жауыздан кеткісі келгенімен Тоғжан одан құтыла алмаған.

– Кетпекші болып, мені жіберуін өтінгенде «Полицейлерге шағымдансаң, сені ішкім тыңдамайды. Істі ашпастан, жауып тастайды. Шыдай тұр, некемізді заңдастырып аламыз. Содан кейін жағдайыңды жасап беремін, қолым ұзын ғой» деп қорқытатын. Оның үстіне шыдап, көндігуден басқа жолым болмады, –  дейді ол.

Ал кәсіпкер Бақытжан болса қыздың сөзін өтірікке шығарып отыр. «Онымен тұрғаным жоқ, өзімнің үш әйелім бар. Менің қандай адам екенімді солардан сұраңдар. Ауыл тұрғындары да мені жақсы біледі. Оған күтуші ретінде жұмыс істегеніне жалақысын толық төледім. Өзім мүгедек жанмын, ол қызда нем бар?» деген ол Тоғжанның психикалық ауытқуы барын алға тартыпты. [embed]https://youtu.be/2eUBfJ8pn-o[/embed]