Ақынға арналған жыр мүшәйрасы
Ақынға арналған жыр мүшәйрасы
Мүшәйраны Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар қоры» КЕАҚ және Alash-CUP қайырымдылық қоры бірлесіп ұйымдастырмақ. «Бұл шараның мақсаты –  жас ұрпақтың санасында Жәркен Бөдеш­ұлының шығармашылығын насихаттау, жастар шығармашылығына қолдау көрсету», – дейді жоба авторы, «Отандастар қорының» менеджері Талапбек Тынысбекұлы.
Мүшәйраға 40 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады. Олар екі өлеңі ұсынуы тиіс. Өлең ақын Жәркен Бөдешұлының шығармашылығына, ақындық болмысына, тұлғалық келбетіне және сағыныш, туған жер тақырыбына арналуы тиіс. Шығармалар 1 желтоқсанға дейін t.talapbek@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады. Мүшәйра қорытындысы Тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланбақ.      

Ақжарқын ӘБДІҒАЛИ