Өнер ордасына 60 жыл
Өнер ордасына 60 жыл
204
оқылды
Үлкен концерт пен бенефис-шоудан тұратын тың жоба му­зыка өнерінің барлық жанрын қамтиды. Қалың көрерменге ұйымның тарихы бастау алған 1960 жылдан бастап  қазіргі уақытқа дейінгі танымал әндер, жаңа туындылар ұсынылмақ. Қазір өнер ұжымының ауқымды мерекелік концерті түсіріліп жатыр. Олардың арасында Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Димаш Құдайберген сынды көптеген дарын иелері бар. «Қазақ­концерттің» мерейтойлық мау­сымашары алдағы уақытта «Ха­бар» телеарнасынан көр­сетіле­тін болады.

Ж. ҚҰЛМАХАНБЕТ