Президент мемқызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлық беруге толық тыйым салатын заңға қол қойды
Президент мемқызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне  сыйлық беруге толық тыйым салатын заңға қол қойды
161
оқылды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған.
Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлық тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін берілетін сыйлықтарға, материалдық сыйақы мен қызмет көрсетуге толық тыйым салынып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға тікелей қатысты.
Заңда, сонымен бірге, туыстардың бір ұйымдағы бірлескен жұмысының жекелеген мәселелерін реттеуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзу деректері туралы хабардар етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне, квазисектор субъектілерінде комплаенс-қызметтер құруға және басқаларға бағытталған нормалар да көзделген. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. Тұмар МЫРЗА