Елдің берекесі – еңбекте
Елдің берекесі – еңбекте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сын­дар­лы қоғамдық диалог – Қазақ­станның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты бірінші Жолдауында көтерген мәселелер ха­лық­тың тұрмыс-тіршілігін толы­ғы­мен қамтыды. Заман тала­­бына сай тиімді мемле­кет құру, азаматтардың құ­қық­тары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаң­ғырудың жаңа кезеңі деп анықталған бес іргелі міндет бойынша Жолдау қағида­лары іске асырыл­мақ­шы. Осы тұрғыда Қызылорда қала­сының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтан қаланың бүгінгі тынысы, халықтың тұрмыс-тіршілігі жайында әңгімеміз өрбімек.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында, әлеуметтік-эко­номикалық және рухани сала­дағы өзекті мәселелерді нақты анық­­тап, олардың тиімді шешу жол­дарын белгілеп, қоғамның жаңа даму кезеңіндегі бағыт-бағдарын негіздеді. Осы ретте әкімдік тарапы­нан қандай жұмыстар атқарылуда?

– «Халыққа ашық қызмет көр­сетуге қажетті барлық комму­ни­ка­циялық құралын пайдалана білген жөн. Сонымен бірге кері байланыс орнатудың пайдасы зор. Өңір әкімдері халықпен есептік кездесу­лерде ғана емес, тұрақты негізде кездесіп, барлық елді мекенді ара­лауға тиіс» деп Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, халықпен жақындай түсуде жұмыс істеудеміз. Мәселен, қала әкімдігі ғимаратының екінші бөлігін тиімді пайдаланып, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы аясында фронт-офис аштық. Сөйтіп, аймағымызда қалаға қарасты Тасбөгет кенті, Ақсуат ауылдық округі «опен спейс» жобасы қолға алынды.

Халықпен барынша ашық әрі жақын болу үшін қоғамдық кеңес, қоғамдық қабылдау бар. Оған қоса, қала әкімдігінің ресми веб-порта­лы, әлеуметтік желідегі парақ­ша­ла­ры еркін форматта күнделікті жұмыстар жүргізуде. Мысалы, «Ашық Қызылорда» жобасы ая­сын­да екі жылдың ішінде 2 мыңнан аса сауал жолданған. Өтінімдердің 90 пайызы дер кезінде шешімін тапқан. Мысалы, қала әкімдігінің ғимаратында «Құқық қорғау қыз­мет­тері орталығы» ашылғаны­на екі жыл болған. Сол аралықта бұл орталық азаматтардың мемле­кет­тік және құқықтық органдарға деген сенімін ұлғайта түсті. Себебі, «бір терезе» қағидасы бойынша құ­қықтық қызметтер көрсетіп қана қоймай, әр адамның жағ­да­йын жіті қарап, шешуде. Бүгінде ха­лықтың мәселесімен айна­лы­сатын бірден-бір органға айналды. Сондықтан бұл орталықтың қа­был­­дауларын тұрақты түрде ұйым­­дастырып келеміз.

– Еліміздегі көптеген облыс орта­лығы секілді Қызылорда да соң­ғы жылдары қарқынды дамуда. Мы­салы, ежелгі Ақмешіт бұрынғы­дан көп өзгерді. Бұл ретте басты на­зар қандай өлшемдерге аударылып жатыр?

– Қызылордада соңғы жыл­дары ірі құрылыс нысандары салы­нып, көшелер кеңейтіліп, жа­­рық­тан­дырылып, көркейту-кө­гал­дан­дыру жұмыстары жүргені қала тұрғындары ғана емес, қала қонақ­тарының көз алдында. Үкі­мет бе­кіт­­кен жоспарға сәйкес, рес­пуб­ли­калық және облыстық бюджеттен қо­мақты қаражат бөлініп, қала­мыз­­да заманауи технологиялар мен құрылыс материалдарын пай­да­­лана отырып, тұрғын үй, мәдени, спорт және әлеуметтік ғимараттар құрылысы, инженерлік инфра­құры­лым желілері жүргізілуде. Соның арқасында қала тұрғындары жарық көшелермен жүріп, сая­бақ­та серуендеп, Street workout спорт алаңдарында балаларын ойнатып, денешынықтырумен айналысуда. Біздің басты міндет – қызылор­да­лық­тар үшін қолайлы өмір сүруге жағдай жасау.

– Қызылорда тұрғын үй тұрғызу жа­ғынан еліміз бойынша көштің ал­дың­ғы сапында екен. Дегенмен облыс орталығында тұрғын үйге зәру отбасылардың мұқтаждығы ұмыт болған жоқ па?

– Елбасы мен Мемлекет бас­шы­сының негізгі басымдығына ие болған мәселе – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Рас, соңғы жыл­дары қалада жаңа шағынау­дан­дар бой көтеріп, 7 мыңнан ас­там қызылордалық баспаналы болды. Биыл да бұл жұмыс қарқын­ды, атқарған құрылыс жұмыстары­ның көлеміне 22 млрд теңге жұм­сал­ды. Оның ең ауқымдысы, Сыр­­­дария өзенінің сол жағалауын­да­ғы жаңа қалада республикалық, об­лыстық бюджеттен 16 қабатты 820 пәтер жалдамалы тұрғын үй мен 17 қабатты 830 пәтер несиелік тұр­ғын үйдің құрылысы жүргізі­лу­де.

Бүгін Қызылордада тұрғын үй кезегінде 24 642 адам тіркелген, оның 2 637-сі – көпбалалы отбасы. «Бала­мекен» жобасы аясында Болат Өтемұратовтың жеке қоры­ның демеушілік қолдауымен 100 шақты тұрмысы төмен көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтылды. Оған қоса, 50 пәтерлі 25 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал халықтың аз қамтылған және әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағыт­тал­ған «Орда» аймақтық жол картасы қабылданған. Онда 246 отбасын баспанамен қамтуға облыстық бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлінді.

– Елімізде шағын және орта бизнестің дамуына зор мән беруде. Осы жағынан әкімшілік тараптан қандай қамқорлық қарастырылған?

– Мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаудың арқасында ша­ғын және орта бизнестің көлемі ұлғайып келе жатқаны рас. Мыса­лы, өңірдегі жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы аясында, қаланың бизнес климаты жақса­рып қалды. Өйткені облыс бойын­ша, нақты жұмыс істеп тұрған кә­сіп­керлік субъектінің тең жар­ты­сы, яғни 50,8 пайызы Қызылорда қаласына тиесілі. Мәселен, жыл басынан бері жаңадан тіркелген 1,5 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектіде 1 600 жұмыс орны ашыл­ды. Ал «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың 2017-2021 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарлама­сы аясында 121 жоба қолдау тапты. Оның ішінде 70 жоба 469 млн тең­геге қаржыландырылды. Биз­нес-идеяларды іске асыруға мем­ле­­кеттік қайтарымсыз гранттар беру бағыты бойынша 78 жоба ма­құл­данып, 19,4 млн теңге бөлін­ді. Қазір Қызылорда қаласы бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау кар­тасына енгізілген 67,8 млрд тең­гені құрайтын 8 жоба жүзеге асы­ры­луда. Оның бәрі «2015-2019 жыл­­дарға арналған Индустриялық-ин­­новациялық дамытудың» мем­ле­­кеттік бағдарламасы аясын­да жа­салып жатыр. Ал бір жоба рес­пуб­ликалық картаға енді. Міне, осы жобалар толық іске қосылған­да, 1 190 адам тұрақты жұмыспен қам­ты­лады.

Сондай-ақ жыл басында Bella Vista мейрамханасында «Қызы­лор­да қаласындағы мейрамхана мен қонақүй саласын дамыту перспек­ти­валары» тақырыбында қала кәсіпкерлеріне семинар өткізіліп, Германияның SES-А эксперттері Фридрих Обойкович және Вилли Хайгель қатысты. Соның жалғасы ретінде қала тұрғындары мен жас­та­рын кәсіпкерлікке баулу мақса­тында, сәуір айында «Start up Bolashak: Менің арманым» жастар биз­нес-жобалары конкурсы өтті.

– Жұртты көп алаңдататын мә­се­ленің бірі – коммуналдық шаруа­шылық жүйесі. Осы жағынан қан­дай шаралар жүргізілуде?

– Дұрыс айтасыз, коммуналдық шаруашылық – мемлекеттің, эко­но­миканың, халықтың әл-ауқа­ты­на әсер ететін сала. Бұл ретте, Қы­­зы­­лорда қаласында жол жөндеу жұмыстары – ең ауқымды жоба­ның бірі. Биыл қала көлемінде жалпы ұзындығы 75,4 шақырымды құрай­тын 176 көшеге күрделі, орта­ша, қай­та жаңғырту жұ­мыс­та­ры жүр­гі­­­зілді. Оған респуб­ли­калық, об­лыс­­тық, қалалық бюд­жеттен 1,3 млрд теңге жұмсал­ды. Сонымен бір­­ге қалаға қарасты елді мекен­дер­­дің жолдары да жөн­деу­ден тыс қал­­мады.

Жыл сайынғы жүйелі жұмыс­тар­дың нәтижесінде, қалаішілік су құбырдың 70 пайыздан астамы то­лық жаңартылып, халық таза жерасты ауызсуын тұтынуда. Нә­­ти­­­жесінде, қала тұрғындарының 93 пайызы орталықтанған ауызсу­мен қамтамасыз етіледі. Ал жылу мәселесіне келсек, бүгінгі күні Қы­­зылордада 696 көпқабатты тұр­ғын үй жылуға беріліп, оның
148-інде ыстық су қосылмақшы. Мә­­се­лені түбегейлі шешу үшін жаңа­д­ан жылу-электр орталығы қажет. Оған кемі 15 млрд теңге керек. Деген­мен бүгінге дейін қала­­дағы 60 пайыздан астам магистральды жылу желілері қайта жаңартылды. Және соңғы жыл­да­ры қалаға қа­рас­ты бірнеше елді мекен көгіл­дір отынға қол жеткізді. Алдағы уа­қыт­та қалаға қарасты бас­қа да елді мекендерді газдан­ды­ру мақса­тын­да, тиісті жұмыстар кезең-кезеңі­мен атқарылатын болады.

– Әңгімеңізге рақмет!


Сұхбаттасқан
Миуа БАЙНАЗАР