Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды зорлады деп айыпталған күдікті өзіне қол салды
Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды зорлады  деп айыпталған күдікті өзіне қол салды
127
оқылды
Қарағанды облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Сәтбаевта 5 жасар қызды ұрлап әкетіп, зорлаған деп айыпталған күдіктінің асылып өлгенін растады.

«6 қазанда Қарағанды тергеу изоляторында жас қызды зорлады деген күдікке ілінген адамның денесі табылды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем тобы өлім жағдайын тіркеді. Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі – суицид. Тексеру кезінде марқұмның денесінде жарақаттар табылған жоқ», – деп хабарлады департамент.

Есте болса, Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейіннен бөтен пәтерден табылған еді. Жергілікті тұрғындар ұсталған күдіктіні өздеріне беруді талап еткен. Полиция қолға түсірген күдіктіге бала ұрлап, оны зорлады деген айып тағылып, қамауға алынған болатын. Тұмар МЫРЗА